Санитарлық талап басты назарда

0
796

 Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында    аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның төрағалығымен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі кезекті үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жиынның осы жолғы күн тәртібіндегі мәселесі мектептердегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сәйкестігіне байланысты болды. Айтылған сын-ескертпелер білім саласына  қатысты болғандықтан  отырысқа  мектеп директорлары   шақыртылған.  Алдымен үйлестіру кеңесінің орынбасары, аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының   басшысы Нұржан Олжабаев «Эпидемиологиялық маңыздылығы  жоғары шектен тыс жүктелген мектептер» туралы баяндамасын оқыды.   Ондағы көрсетілген мәселелердің шешу жолдары  қарастырылып, ұсыныс-тілектер ортаға салынды.  Одан кейін дәл сол мекеменің  бөлім басшысы Айнұр Әбдікерімова санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша енгізілген жаңа талаптар жайлы ақпарат берді. Яғни,  енді барлық мектептерде санитарлық нормативтерін сай келетінін растайтын қорытынды қағазын алу қажет. Ол үшін қазірден бастап құжаттарды дайындай беру керек  екен.

Ал, жиынның екінші кезеңінде Айжан Нұрділдәқызы мен Нұрлан  Кенжебекұлы  әлемді алаңдатқан  коронавирус инфекциясына қатысты денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында Қытай елінде етек алған қауіпті дертке байланысты сақтық шаралары тағы бір рет пысықталды.   Аталған вирус белгілері бар адамдар  Қазақстанның ешбір өңірінде тіркелген жоқ. Дегенмен аудандағы сол ауру анықталған жағдайда ем көрсету дайындықтарын  және ауруханалардағы санитарлық деңгейін күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь