«Самұрық-Қазына» қорының басшысы ауысты

0
79

Ахметжан. Есімов «Самұрық-Қазына» басшысы қызметінен кетті. Қордың жаңа басшысы ретінде Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы  primeminister.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс айтты. Ол Қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті  Премьер-министр Асқар Мамин таныстырды.

Асқар Мамин Қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап айтты.

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «механик, қолданбалы математик» мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары — «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ президенті.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь