Сәбіз экспорттау үшін сертификат алу керек  

0
609

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше елімізден сәбіз экспорттау үшін сертификат алу керек, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанда сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбағаны туралы хабарлайды. Аталмыш өнімді шетелге шығару үшін фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде. Сәбіз экспорттағысы келетін кәсіпкерлер фитосанитариялық сертификат алу үшін Комитеттің облыстық аумақтық бөлімшелеріне жүгінуі қажет, — делінген ведомство хабарламасында.

Фитосанитариялық сертификаттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен регламентіне сәйкес жүргізіледі. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Барлық қажетті тексеру процедураларының атқарылуына және сәбіздің фитосанитарлық жағдайына қарай кәсіпкерлер сертификаттар ала алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік орамжапырақты экспорттауға сертификаттар штаттық режимде беріліп жатқанын мәлім еткен болатын.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь