«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдық қорытындысы

0
796

Қазіргі уақытта Ел­басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы шын мәнінде ірі жоба екенін ұққандаймыз.  Бағдарлама бойынша бүкіл ел көлемінде аса ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Оның ішінде біздің ауданда да ұйымдастырылған  шаралар аз емес. Осы аптада Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында  аудандағы «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласы бойынша істелінген үш жылдық жұмыс нәтижесін қортындылауға   арналған  жиын өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Басқосуға  аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов,  аудандық білім,  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, Жастар ресурстық орталығының мамандары  және  музей қызметкерлері қатысты. Ауданда  бағдарлама аясында  жүзеге асырылған жобалардың қорытындылары және алдағы жылға ұсынылған жоспарлар да  жұртшылыққа таныстырылды.  Бұл жөнінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ділдә Әбілқасымованың   баяндамасынан белгілі болды.  Нақтырақ айтсақ, «Қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  сынды білім және тіл салаларына қатысты жобалар жүйелі жұмыстар істеген. Ал, «Архив – 2025»  жобасы бойынша құжаттарды бір арнаға тоғыстырып, сандық форматқа  енгізу үшін  «Е-архив»  жүйесі іске қосылған.  Сонымен қатар, бағ­да­рламалық мақалада көтерілген негі­згі жобалардың бірі жер-жерде жан­­данып келе жатқан «Туған жер» арна­йы жобасы екені рас. Оның аясында  ақын,  жазушыларға жалпы ұлы тұлғаларға арналған түрлі деңгейдегі мәдени-әдеби шаралар ұйымдастырылған.  Білім мекемелері бұл жоспарға сәйкес тәрбие сағаттарын,  басқа да іс шаралар өткізіп тұрады.  Баяндамадан соң жиынға қатысқандар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Жоғарыда куә болғанымыздай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде қолға алынған  іс-шаралардың бір бөлшегі ғана. Ауқымды жобалар алдағы уақытта да өзіндік  сипаты мен маңызын жоймай, жалғасын тауып, ұлттық сананың сілкінуіне үздіксіз  қызмет ете беретіні сөзсіз.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь