Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр

0
180

Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың айтуынша, «құнды жәдігер» болғандықтан немесе «200 жыл бұрын жазылғандықтан» бағасы осындай қымбатқа түседе екен, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен көрінеді. Дәл осы тектес, әлеуметтік желіде хабарландырулардан көз сүрінеді. Бірақ, оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қасиетті кітапты сатып пайдаға кенелгісі келгендер, осы арқылы несиелерін жабуға ниетті.

Қасиетті кітапты саудалаған қаншалықты орынды? Жаратушының сөзін сатып, пайдаға кенелгендердің әрекетінің дұрыс-бұрыстығын айланысты адамдардың пікірі екіге жарылды. Бірі Құран мұражайларда сақталуы тиіс десе, екіншісі көздің қарашығындай үйде ұсталуы қажет дейді.

– Кітап шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Егер, ол оны қаражатын жұмсап, қағазы мен сиясын сатып алса, баспаханаға төлесе, жасатқан кітабын кеткен шығынына тең бағада сатуы керек, – дейді ҚМДБ Шариғат және Пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь