Рамазан айының алдындағы бірқатар кеңестер  

0
1050

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бірнеше діни мерекелер – Пасха, Песаха және Рамазанға орай оларды коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпінсіз атап өту бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шіркеулер, синагога және мешіттерде адамдардың жиналуына келсек, сарапшылар мұнда ұлттық билік берген кеңестерді ұстануға шақырады. Баруға рұқсат етілсе де, қатаң санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау: бір-бірінен бір метр жерде жүру, адамдарды ұстамау, бір-бірін сүймеу және қасиетті заттарға маңдайды тигізбеуге кеңес етіледі.

ДДҰ мәліметінше, егер діни ошақтарға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаса, діни жоралғыларды өткізуден бас тарту немесе оларды қашықтан өткізу мүмкіндігін қарастыру керек.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Правослам христиандары Пасха мерекесін 19 сәуірде тойлайды. Ал, еврейлердің бір аптаға созылатын Песах мейрамы 8-16 сәуір аралығында өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь