Рәміздердің қолдану ережесі қайта қаралады

0
252

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің қолдану ережесін қайта қарауды, мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстанның академиялық үлгідегі тарихын жазуды жедел бастауымыз қажет екендігін жеткізді.

«Біз мемлекеттігіміздің тамыры тереңде жатқанын ел санасында берік орнықтыруға тиіспіз. Мемлекеттік нышандарға құрмет – отаншылдықтың көрінісі. Осы орайда, мен рәміздерімізді қолдану ережесін қайта қарауды тапсырдым. Қасиетті көк байрағымызды үй сыртына және басқа да көрнекті жерлерге ілуге тыйым салуға болмайды. Керісінше, азаматтардың мұндай әрекетін құптау керек», – деді Президентіміз.

Сонымен қатар, Қасым Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тілге қатысты ой-пікірін де білдірді. Оның ойынша, қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам. Сондықтан, тіл үйренуге талпынған азаматтарымызды бәріміз қолдайық.

«Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз. Жақында латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Латын қарпіне көшіп жатқанымыз да – Тәуелсіздіктің жемісі», – деп Қ.Тоқаев отырыс барысында осылайша ойын білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь