QazCovid-in вакцинасының бірінші партиясы сәуірде шығады

0
127

QazСovid-in вакцинасын қашан салдыруға болатыны министрлік тарапынан түсіндірілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков нақты айтып өтті.

 

– QazCovid-in бойынша биологиялық қауіпсіздік мәселелерімен Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) айналысады. Бұл ҚР БҒМ ведомствосының құрылымы. Олардың мәліметі бойынша, бүгінде жоспар орындалып жатыр. Клиникалық зерттеулердің 1-2 кезеңі аяқталды. Бірінші кезең – наурызда, екіншісі – сәуірде аяқталуы керек. Сондықтан бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр, – деді комитет төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков брифинг барысында.

 

Оның айтуынша, сәуірдің соңына дейін вакцина дайын болуы мүмкін.

 

– Алғашында 50 мың дозаға дейін шығады, кейін көлемі ұлғая береді. Сондай-ақ, технология трансферттерін бере отырып, көп мөлшерде шығару мүмкіндігі бар. Сондықтан сәуірдің соңына қарай алғашқы өнеркәсіптік партия шығарылады деген болжам бар, – деп түйіндеді Н.Асылбеков өз сөзін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь