Пробация қызметкерлерінің ізгі ісі

0
187

Ауданымыздың пробация қызметі өз мекемесінің есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аталмыш органның қызметкерлері өздерінің игі шараларын жалғастырып, тағы қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері мен бүлдіршіндерге сыйлықтар таратты, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялаған болатын. Сол уақыттан бастап елімізде әртүрлі қайырымдылық іс-шаралар мен акциялар саны артып, көптеген игі істер жасалуда. Осы ретте мұндайдан еш уақытта қалыспайтын біздің ауданымыздың пробация қызметкерлері де кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш органның қызметкерлері көмекке мұқтаж есепте тұрған, қоғамнан оқшауланбаған, сотталғандардың үйлеріне барып, оларға қажетті азық-түлік себеттерін таратып, жәрдем етті. Осылайша, пробация қызметкерлері тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды. Аталмыш шара көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып, алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь