Партия төрағасының Алғыс хатымен марапатталды

0
287

Сайлау науқаны кезінде белсенділік танытқан нұротындықтар партия төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау алдында еліміздің әр өңірінде үгіт-насихат жұмыстары өткені баршаңызға белгілі. Оның ішінде Елбасымыз Н.Назарбаев төрағасы болып табылатын жетекші саяси ұйымдардың бірі «Nur Otan» партиясы да бар. Сайлау науқаны кезінде барша нұротандықтардың атқарған еңбегі зор. Олар республикалық, облыстық, аудандық штабтардың құрамында болып, партияның бағыты айқын бағдарламаларын жан-жақты насихаттап, жеңіске жетуіне де айрықша үлес қосты.

Бүгін, міне, осындай істе белсенділік танытқандар, аудандық штабтың мүшелері «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалында бас қосып, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Санитарлық талапқа сай өткізілген отырыста алдымен партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Қаныбек Айтжанов құттықтау сөз сөйлеп, саяси науқан кезінде бір кісідей нәтижелі жұмыс атқарған барлық партияластарға ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде Қаныбек Құлжабайұлы үгін-насихат кезінде жастардың да атқарған еңбегі ерекше екенін айтып, партия төрағасының Алғыс хаттарын табыс етті.

Жиын барысында дәл осындай басқа да марапат иелерін партияның аудандық штаб төрағасының орынбасарлары Сағындық Жұмабаев пен Сағат Мәсімақынов арнайы құттықтап, нұротандықтардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь