Отандық «Шевроле» көліктерінің желісі іске қосылды  

0
546

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында отандық «Шевроле» көліктерінің желісі іске қосылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.KZ сайтына сілтеме жасап.

Биыл кәсіпорын көлік шығаруды былтырға қарағанда екі есе ұлғайтуға, яғни, 50 мыңға жеткізуді көздейді. Коронавирус пандемиясы өндіріс қарқынына әсер етпеген. Межеленген көлемдер уақтылы орындалып жатыр.

– Жаңа «Шевроле» цехы зауытта апта бұрын пайда болғанымен, сериялық өндірісі қарқынды. Коронавируспен күреске қарамастан «Дамас Лабо» көліктері базасында қолжетімді зарарсыздандыру машиналарының желісі қолға алынды. Олар Қазақстанның бірнеше облыстарына жеткізіле бастады, — дейді «СарыарқаАвтоПром» автозауытының директоры Сырым Семейбаев.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары тарапынан «Шевроле Дамас» және коммерциялық «Лабо» жүк көліктері жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ, «Шевроле Малибу» базасындағы патрульдік темір тұлпарларға да қызығушылық бар. 2020 жылы 13 мың көлікті экспортқа жіберу жоспарланған. Өндірісті толық қамтамасыз ету үшін зауыт үш ауысымда жұмыс істейді. Орташа есеппен алғанда түнгі ауысымға 230 адам шығады. Олар өндіріс қызметі мен персоналының жұмысшылары.

Зауытта мың жарымдай жұмысшы еңбек етеді. Пандемия кезінде олардың қауіпсіздігі профилактикалық және зарарсыздандыру шараларын күшейту негізінде жүзеге асырылады. Бұл үздіксіз қарқынды өндіріске кепіл. Дуалды білім беру аясында облыстың машина құрылысы кластері аумағында іске асырылатын бизнес-инкубатор жобасы мамандарын даярлайтын компанияның корпоративті университеті ғана онлайн режимге ауысқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь