Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға тура келді  

0
86

Қостанай облысында коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстарын тоқтатуға тура келді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұған өңірде «Спутник V» вакцинасының бітіп қалуы себеп болған.

Вакцина салдыруға ниетті адамдар саны күн сайын артып келеді екен. Мамандардың сөзінше, вакцинаның кезекті партиясы келе жатыр. Ол медицина мекемелеріне жақын күндері жеткізіледі.

Телеарна мәліметінше, вакцинация басталғалы өңірде коронавирусқа қарсы екпе 30 мың адамға салынған.

«Екі аптадан бері вакцина салдырғым келіп жүрді, уақыт тапшы болды. Жұмыста болдым. Бүгін уақыт тауып, ауруханаға келдім. Маған, өкінішке қарай, вакцина бітіп қалғанын айтты. Жақын арада келеді деп үміттенемін», — дейді Қостанай қаласының тұрғыны Еркін Қоңырша.

Бүгінде вакцина Нұр-Сұлтан қаласында екен.

«Ертең қоймаға түседі деп күтіп отырмыз. Облысқа шамамен 5 мың доза вакцина әкелінеді. 25-26 сәуірде 21 мың доза және 28 сәуірде 6 мың доза әкелінеді деп күтіп отырмыз», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь