ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері теміржол көлігімен тегін жүретін болды

0
452

Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін теміржол көлігімен тегін жүру науқаны жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

1-31 мамыр аралығында науқан бойынша тегін жүру мүмкіндігін тыл еңбеккерлерінің барлығы бірдей, жасы бойынша шектеу қойылмай пайдалана алады. Сонымен қатар, 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 2021 жыл бойы теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалана алады.

Науқан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық ете отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Науқан шарттарына сәйкес ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ҚР мен ТМД елдері арасында барлық бағыт бойынша тегін жол жүре алады. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, оның ішінде «Турист» класты вагондарда және «Talgo» компаниясының пойыздарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купелерде орындар бөлінеді.

Тегін жол жүру науқаны тұрақты негізде өткізіледі. Осы науқан бойынша билеттерді ресімдеу үшін билет кассасына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Ұлы Отан соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне билет алар кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттер) тек ҚР-ның аумағында орналасқан сату пункттерінде ресімделеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь