Онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел сотталды

0
178

Қазақстандықтардың атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы мәлім еткендей, Медеу ауданының полиция басқармасына Қазақстанның 90-нан астам азаматы 1987 жылы туған А.Б.Нүркенова жасаған алаяқтық фактісі бойынша шағым түсірген.

«Көрсетілген адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алып, содан кейін шағын несиелік ұйымдардан олардың атына несие рәсімдегені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот үкімімен А.Б.Нүркенова кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь