Облысымызда үшем дүниеге келді

0
818

Алматы облысына қарасты Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылдық округінің тұрғыны 33 жастағы ана үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда дәрігерлер балаларға ерекше күтім жасап жатыр. Әзірге үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз.

Үшемді дүниеге әкелген әйел жайлы айта кетсек, Алдаберген округінің тұрғыны Маржан Имангабулова мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бұл отбасының бұрыннан 2 баласы бар. Енді, міне, олардың қатарына тағы да үш бала қосылып Маржан Мәуленқызы бір күнде көп балалы ана атанып отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь