Облыстық «Қоғамдық келісім» орталығында жаңа логотип

0
94

Кез келген ұйым бірлестігі үшін логотиптің маңызы ерекше. Халықтар достастығының жаршысы саналған «Қоғамдық келісім» үшін жаңа леп қажет болып, ескі логотипті өзгерту мақсатында арнайы конкурс ұйымдастырылды. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық  «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры  Сандуғаш Дүйсенова айтты, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы «Jetisu Media» ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Қазан айынан бастау алған байқауға 15 адам қатысып, әртүрлі нұсқадағы үлгілер ұсынылды. Соның ішінде «Q Print» агенттігінің өкілі Шалқар Сембековтің туындысы ерекше деп танылып, жүлделі марапатқа ие болды.  10 жылдан бері осы салада жүрсе де, Шалқар  логотип жасау бойынша алғашқы рет жобаға қатысқан. Дизайнердің айтуынша, логотиптің ортасында бейнеленген шаңырақ ортақ мекенді, отбасылық үлкен жылулықты дәріптесе, жан-жағындағы өрнек пен түстер жиынтығы этникалық топтарды көрсетеді. Қолданылған түстер этникалық топтардың физиологиялық  ерекшеліктеріне қарай  таңдалып алынған екен.  «Қоғамдық келісім» орталығы конкурс жеңімпазына 150 мың теңге ақшалай сертификатты салтанатты түрде  табыстады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь