Оңтүстік Кореяның атақты «Маска» шоуы елімізде көрсетіледі  

0
65

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның атақты «Маска» шоуы көрсетіледі,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жаспа.

Телеарна мәліметінше, музыкалық шоудың басталуына 10 күн қалды. Әлемнің 50-ден аса елінде танымал болған бағдарлама «Хабар» телеарнасында эфирге шығады. Бұл шоу бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяда пайда болған.

Оңтүстік Кореядағы шоудың атауы біршама ұзын — «Бетін жасырған алаяқ-король» деп аталған. Кореялық кейіпкерлер жануар, жеміс немесе көкөніс кейпінде жүреді.

Кореялық шоуға 14 кейіпкер қатысады. Көбіне олар — кәсіби әншілер. Арасында әлемде танымал әртістер бар. BTS әншісі Чон Гук та қатысты. Ал рок-музыкант Ха Ен У өз дауысының кең диапазонын көрсетті және оны ұзақ уақыт бойы ешкім таныған жоқ.

Қазақстан — «Маска» шоуы көрсетілетін 55-ші ел. Кореядағыдай 14 адам қатысады. Олардың екеуі алтын адам мен көбелек маскасын киіп шығатыны белгілі.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь