Нұр-Сұлтанда тағы да қалың қар жауады  

0
88

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауады деп күтілуде.  Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz.

«Қазгидромет» өкілдері Нұр-Сұлтанда жауған қар көлемі айлық нормадан көп екенін хабарлады. 23 наурызда елордада бір тәулікте 25,5 миллиметр қар жауған.

«Біз жауын-шашын мен жел екпінінің күшейетінін алдын ала болжағанбыз. Оңтүстік Каспий циклоны аймаққа жауын-шашынның мол мөлшерін алып келді. Ол елдің солтүстігі мен орталығына әсер етті. Бірақ алда тағы бір циклон бар. Қазір Қазақстан бойынша Жерорта теңізі мен солтүстік-батыс аймағынан екі циклон бірігіп жатыр», — деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.

Болжам бойынша, 26-28 наурызда еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде қатты жел соғады. Елдің солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын, ал оңтүстігінде найзағай мен бұршақ жауады. Сонымен қатар, синоптиктер температура көтеріледі деп болжады.

«Нұр-Сұлтанда алдағы үш күн, яғни 26-28 наурыз аралығында қар жауады. 26 наурызда жел екпіні бәсеңдейді — секундына 3-8 метр, түнде ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендейді, күндіз ол нөлге тең болады.

27 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыстан 9-14 метрге дейін жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус нөлден төмен, күндіз 0-2 градус жылы болады.

28 наурызда жауын-шашын, кейде тұман және көктайғақ болады. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, секундына 9-14 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз нөл градус болады», — деді синоптиктер.

Айта кетейік, 23 наурызда Нұр-Сұлтанда таңертең қатты боран соқты. Елордада ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Барлық жол жабылды. Жүргізушілерге мүмкіндігінше сапарға шықпау ескертілді. Әуежайда ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды. Елорданың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь