Бүгін Шамалған ауылындағы Әлжан Бұқарбайқызының атындағы орта мектепте жыл сайын ұйымдастырылып, оқушылардың арасынан дарындыларды анықтап, оларға үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретін «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Онда 175 дарынды қарасайлық білімгер өзара бәсекеге түсті. Айта кетейік, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының бастамасымен, «Ел үміті» жол картасы аясында және де облыстық «Жетісу» дарын әдістемелік орталығының атсалысуымен, ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңі желтоқсан айында өткен болатын. Ойлайн-форматта өткен білім бәсекесінің бірінші кезеңіне 2359 қарасайлық талапкер қатысып, функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынады. Бұл кезеңде жоғарыда айтып өткен 175 дарынды бала жеңімпаз атанып, бүгін өткен келесі кезеңге жолдама алған еді. Бүгін, міне, аталмыш байқаудың екінші айналымы басталды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып Әлжан Бұқарбайқызы атындағы орта мектебінде (бұрынғы Үшқоңыр қазақ орта мектебі) ұйымдастырылған білім додасына аудан округтеріндегі 5-6 сынып оқушылары арасынан жеңімпаз атанған сол 175 үздік қарасайлық талапкер қатысты. Біріңғай Ұлтық тестілеу мен ұстаздардың білімдерін тексеру үшін жасалған «U-study» орталығында қатысушылар математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша онлайн түрде үлгерімдерін бағалады. Байқау қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады. Айта кетейік, жеңімпаз атанған талапкерлер грамоталар мен бағалы сыйлықтардан бөлек ауыл мектептерінің оқушылары арнаулы үш тілде оқытатын гимназия, лицейлерге түсе алатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь