ҰМТЫЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
133

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Серік Үмбеталиев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес Серік Үмбеталиев Ұмтыл ауылдық округі әкімі болып 17 мамырдан бастап №13ө тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Айта кеткен жөн, осы округте бұрын әкім лауазымында қызмет атқарған Решат Құлыншақовтың  өкілетілгі тоқтаған болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңа сайлау өткізіп, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Серік Қалижанұлына дауыс беріп, ол осы қызметке тағайындалды. Ал, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Ұмтыл ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, орнына отырғызды. Округте жұмысын одан әрі жетілдіріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірді. Жиын қазіргі санитарлық талаптарға сай Ұмтыл округі әкімдігінің қызметкерлері мен аталған округтер мектеп директорларының қатысуымен өткізіліп, бірқатар әлеуметтік  мәселелер талқыға салынды. Мәселен, әкімдіктің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні жайлы айтылды, округке тағы бір мектептің, Мәдениет үйінің, саябақтың қажетіліг және бұрынғы Мерей ауылындағы балабақша ғимаратының   қайтадан мемлекет иелігіне тапсырылса деген ұсыныс-тілектер айтылды. Осыны негізге  Жандарбек Ермекұлы  жаңа округ басшысына алдыңғы кезекте жоғарыда көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуін тапсырды.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь