Моншада демалған жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

0
816

Ақмола облысында моншада демалған жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Аталған факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданады, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Еске сала кетсек, кеше Ақмола облыстық Полиция департаменті Төтенше жағдай режимі кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары монша кешенінде демалғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, 18 сәуірде сағат 22:30 шамасында Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында жүргізген рейд кезінде «Избушка» монша кешені иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Монша кешенін тексеру кезінде ішінде төрт адам болған. Олар жоғары аталған қызметкерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь