Үміткерлер белсенді жастармен және еріктілермен кездесті

0
594

Желтоқсан айының 10-нан бастап елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғаны баршаға мәлім. Осыған орай бүгін  Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Алия Абсеметова, Данияр Алимбаев және облыстық, аудандық мәслихатқа кандиттар белсенді жастар және еріктілермен  кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күн тәртібіне сай өткізілген кездесу барысында үміткерлер қарасайлықтарды өздерімен таныстырып, сайлауалды бағдарламалары мен алдыға қойған мақсаттары туралы толыққанды ақпарат беріп өтті. Нақтырақ айтқанда, шарада үміткердің бірі – Алия Маратқызы елімізде жастар мен еріктілерге барынша  көмек көрсету керектігін, сондай-ақ, еліміздегі гендерлік саясатты жақсарту үшін құрған жоспары жайлы айтып өтті. Өзінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларға ерекше зейін аудару қажетілігіне де тоқталды. Ал, облыстық мәслихатқа үміткер Жанболат Жөргенбаев қазіргі таңда өзекті мәселелер су, жол, құрылыс, спорт, білім сияқты маңызды салаларына баса назар аударып, оны шешуге қатысты жоспарымен бөлісті.

Одан кейін облыстық және аудандық мәслихатқа кандиттар «Есіктен есікке» атты партия акциясының аясында Қаскелең қаласының тұрғындарының үйіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь