Үміткер қарасайлық жастармен жүздесті

0
185

Сайлау науқанына аз күн қалғанымен, ауданымызда үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Абсеметова ауданымыздың белсенді жастарымен кездесті. Жүздесу барысында жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, жақсы білім алып, болашақта еңбек етуін қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасында нақты жүзеге асуы көзделіп отырған бағыттарға тоқталып өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Шарада депутаттыққа кандидат қазіргі таңда жастардың мәселесі партияның бағдарламасының басым бағыттарының бірі екенін алға тартып, олар үшін жан-жақты қолдау көрсету мақсатында қолға алынған бағдарламадардың мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Әсіресе, үміткер бүгінде жастардың елімізде ғана емес, сондай-ақ, шет елдерде жақсы білім алулары үшін, оқуларын бітіргеннен кейін өзінің жеке кәсібін ашып, жүргізгісі келгендерге қолдау ретінде берілетін гранттар мен бағдарламалар жайлы сөз қозғады. Жазғы уақытын босқа өткізбей жұмыс жасағысы келген 18 жасқа толмаған жастарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасына да тоқталды. Мұнан бөлек қазіргі таңда елімізде проблема болып отырған отбасындаға зорлық-зомбылық мәселесі жайлыда да Әлия Маратқызы кеңінен айтып өтті.

Осылайша, осы кездесу барысында үміткер жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беріп, партияның жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын тағы бір мәрте сараптап өтті. Жиын соңында Әлия Абсеметова жастарды алдағы маңызды сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, белсене қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь