Министр сынынан соң Ақтөбе облыстық басқарма басшысы отставкаға кетті

0
118

Үкімет жиынындағы министр сынынан кейін Ақтөбе облысы жол басқармасының бастығы Мәлімбет Ибрашев қызметінен өз еркімен кетті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұған дейін Үкімет жиынында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов жолдары нашар аймақтарды атаған болатын. Оның айтуынша, жолдарының сапасы бойынша ең төменгі көрсеткішке БҚО, Атырау және Ақтөбе облыстары жатады.

Басқармаға бүгіндері облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экс-басшысы Айбек Кайер төраға болып тағайындалды.

Облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы өзінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдағанын телефон арқылы растады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь