Мешіттерде бес уақыт азанның үні мен обаның бетін қайтаратын дұғалар айтылуда

0
557

Ауданымыздың мешіт есіктері жабық болғанымен, бес уақыт азанның үні мен обаның бетін қайтаратын дұғалар айтылуда, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Коронавирус инфекциясы біздің елімізге жеткен шақта республика бойынша төтенше жағдай енгізіліп, індеттің алдын алу мақсатында халықтың көп шоғырланатын орындары уақытша жұмыстарын тоқтатқан болатын. Олардың ішінде күллі мұсылман қауымның құлшылық орны болып саналатын мешіттер де бар.

ТЖ режимі аяқталғанымен, адамдардың қауіпсіздігі үшін карантин шаралары әлі күнге дейін жалғасуда. Бірқатар мекеме орындары қашықтан қызмет еткенімен, жоғарыда айтып кеткен мешіттердің есіктері әлі де жабық. Алайда, күні бүгінге дейін бұл қасиетті ортаның мұнараларынан бес уақыт азанның үні үзілмей келеді. Сонымен қатар, халқымыздың құнды рухани мұрасына зор үлес қосып жүрген, ұстаз – Бекасыл Биболатұлының «Зизал» атты тарихи кітабының 237-бетінде баяндалған оба індетін қайтаратын дұға да  аудио-жазба нұсқа түрінде күнделікті екінті намазынан кейін 30 минут көлемінде дауыс күшейткіш арқылы халықққа жеткізілуде.

Осындай ислами игі амалдар ауданымыздың барлық мешіттерінде ұйымдастырылып, белгіленген уақыт бойынша жалғасуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь