Күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын тұсы болып есептелетін Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған болатын. Осы игі дәстүр биыл да ауданымызда өз жалғасын тауып, бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында және де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр көшесінің бойына ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 

Қала әкімі Асқар Мұқашев пен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен және де аудандық мәслихат депутаттары Тен Василий мен Атлана Исаеваның қолдауымен өткізілген шараға «Таза қала» мекемесі мен таяуда Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерінен құрылған эко волонтерлер белсенді түрде атсалысты.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанованың бастамасымен ауданымыздың көшелерін көгалдандыру мен абаттандыру мақсатында ұйымдастыралған акция барысында қатысушылардың барлығы топ-топқа бөлініп, Наурызбай батыр көшесінің бойында арнайы қазылып қойған жерге қарағай ағаштарын рет-ретімен отырғызды. Айта кетейік, бүгінгі шара аясында ауданымыздың орталығында жалпы 50 түп ағаштары егілетін болады. Сойдай-ақ, дәл осы күні аталмыш көшеде ескі, қураған ағаштардан тазарту жұмыстары да жүргізілді.

Жалпы осы игі шараны өткізу арқылы бүгін аудан тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне өздерінің құрметтерін білдіріп отырып, ағаш бүршіктеп, төрт түлік мал төлдейтін, аң-құстың тұқымы өрбіп, ұлы табиғат жаңаратын жыл басы, көктем мерекесін атап өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь