Мерейлі мереке аясында мерейлері үстем болды

0
324

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауданның абыройы үшін еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар құрметке бөленді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ел тарихында шежіресі қалыптасқан, мән-мағынаға толы, ұлтқа берері мол мерейлі мерекелердің бірі – ҚР Президенті күні. Желтоқсан айының алғашқы күнінде аталып өтілетін айтулы мейрам қарсаңында ауданымызда түрлі игі бастамалар ұйымдастырылып жататыны белгілі.

Ұлттың ұлы тұлғасын ардақтауға арналған іс-шаралардың легі биыл да дәстүрінен жаңылмай, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талапқа сай атқарылуда. Мереке аясындағы сондай салтанатты жиынның бірі бүгін аудан басшысы Жандарбек Далабаевтың қатысуымен әкімдіктің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Басқосуда ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар аудан азаматтарына мәртебелі марапаттар табыс етілді.

Жиын барысында алдымен аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы ҚР Президенті күнінің маңыздылығына және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт тағдыры жолында атқарған еңбегіне ерекше тоқталып, мерекеге орай ақ тілегін білдіріп, барлық марапат иелерін құттықтады.

Салтанатты шарада мемлекеттің дамуы мен мүддесі үшін қызмет еткен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Гүлмира Айткажинаға Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Құрмет грамотасы табыс етілсе, ауданның бірқатар белгілі азаматтарына Жетісу өңірі басшысының Алғас хаты берілді.

Мерейлі мерекенің қарсаңында Қарасай өңірінің өсіп-өркендеуі үшін белсенді қызмет атқарған бірнеше азаматтың мерейлері үстем болып, «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы бұйырды. Олардың қатарында Керім Ақшалов, Қайсар Кикимов, Сәкен Шаймолдаев және Нұрлыхан Атамбеков сынды ауданның абыройы үшін еңбек еткен жандар бар. Аудан басшысы әрбірін жеке-жеке марапаттап, кеуделеріне төсбелгілерін тақты. Өз кезегінде қуаныш иелері де сөз алып, көпшілікті мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп жатты.

Салтанаттың жиында аудан әкімі Жандарбек Далабаев өз атынан да мерекеге орай түрлі салада қызмет атқарып жүрген, өз ісін жетік меңгерген білікті мамандарға Алғыс хаттарын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь