Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын артыру мақсатында

0
273

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен бүгін “Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қаскелең қаласындағы ХҚКО-да Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Аталған іс-шараға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талдау тобы құрамының қатысуымен өткізілді. Қоғамдық қабылдауда азаматтар қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен мерзімдері туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Олардың қоғамдық барысында жолданған өтініштерін ескеріліп, алдағы уақытта мүмкіндігінше шешімі табылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь