Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

0
488

Елімізге танымал, эстрада әншісі, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев коронавируспен ауырып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Иә, кеше күндіз жедел жәрдем шақырдық. Оның жағдайы бірден нашарлап кетті. Алдымен пневмония, кейін коронавирус деп айтты», — деп мәлімдеді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

Топ басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Мейрамбек Беспаев өзін жақсы сезінуде.

«Кеше кешкісін онымен сөйлестім. Ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», деді әншінің досы әрі топ директоры Е.Жүнісбай.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь