ҚМДБ төтенше жағдай кезінде қойылған сұрақтарға жауап беру үшін call-center ашты

0
1003

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мәлімдеуінше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдай кезінде сұрақтарға жауап беру үшін call-center ашты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бас мүфтидің айтуынша еліміздегі төтенше жағдай кезінде халыққа үміт шуағын шашып, оларды жігерлендіріп, иманын күшейтіп, құлшылығын арттыру мақсатында онлайн насихат айтып, интернет желісі арқылы арнайы дәрістердің кестесін бекітілді. Сонымен қатар, жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беру үшін call-center ашылды. Оның нөмірі – 33-30-30. Дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап беретін аталмыш орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады.
Мұнан бөлек Наурызбай қажы мешіттерде, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылғанында айтып өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь