«Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп алады». Қазнетте фейк хабарлама тарады  

0
186

Қазнетте маска тақпағандарға айыппұл салынып жатқаны туралы жалған хабарламалар тарап жатыр,  деп хабарлайды хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ ережебұзушылық анықталған жағдайда олар рапорт дайындап, құқықбұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжат өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Cонда ғана айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды», — деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь