Мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетуін уақытша тоқтатты/ Услуги в спецЦОНах Казахстана недоступны из-за сбоя

0
81

Қазақстанда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары техникалық ақаулықтарға байланысты қызмет көрсетуін тоқтатты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтарға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады», — деді корпорация өкілдері.

________________________________________________________________________

СпецЦОНы в Казахстане приостановили обслуживание граждан из-за технических проблем. Об этом сообщили в госкорпорации «Правительство для граждан».

«Уведомляем вас, что сегодня с 9.10 наблюдается периодическая недоступность сервисов КАП МВД РК, необходимых для оказания госуслуг в спецЦОНах», — говорится в сообщении.

Отмечается, что специалисты работают над устранением технических неполадок. Информацию о восстановлении работы сервисов и спецЦОНов

«Приносим свои извинения за доставленные неудобства», — добавили в госкорпорации.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь