Маман вакцина салдырғандар екі жылдан кейін қайтыс болады деген қауесетке жауап берді  

0
251

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл «коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар екі жылдан кейін қайтыс болады» деген қауесетке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Манар Смағұлдың сөзінше, бұл фейк ақпарат.

«Қазір ойланып жүрген адамдар көп. Сондай адамдарға жалған ақпарат беріліп жатады. Яғни жалпы вакцинаны денсаулық сақтау саласында бірінші жыл қолданып жатқанымыз жоқ. Өздеріңізге белгілі, жаңадан туған балаларға, қызылша, қызамыққа, пневмококк жұқпасына қарсы вакцина жүргізіледі. Олардың тиімділігі бүгінде дәлелденген.

Ал коронавирусқа қарсы вакцинаға тоқталсақ, былтыр желтоқсаннан өзге елдерде екпені қолдану басталды. Екі жылдан кейін өлім-жітім болады деген фейк. Бүгінде ревакцинация жүргізу қажет пе, әлде жоқ па — бұл әлі зерттеліп жатыр. Бұл ақпарат нағыз фейк деп айтуға болады. (…) Әр адам өзі ойланып, қажет ақпаратты өзі оқып, шешім қабылдағаны жөн деп ойлаймын», — деді ол ОКҚ брифингінде.

Екпеге келсек, ВАК мәліметінше, 2021 жылғы 13 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 601 830 адам, 2-ші компонентін 2 541 853 адам салдырды.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь