МӘМС бойынша кімдерге тегін қызмет көрсетілмейді?

0
727

Барлық азаматтарға медициналық қызмет тегін көрсетіле бермейді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміз бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені баршаңызға белгілі. Аталған медициналық көмектің түрлері екі пакетке бөлінген: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық көмек.

Қарасай аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Марат Ақылбековтың айтуынша, 1 қаңтар мен 1 сәуір айлары аралығында еліміздің барлық азаматтарына, оның ішінде сақтандыру жарналары төлегендерге де, төлемегендерге де шартты түрде қызмет көрсетіле береді.  Алайда сақтандыру жарналары төленбеген азаматтар 1 сәуірге дейін жарналарды төлеуге тиісті. Егер олай болмаған жағдайда, жоғарыда айтылған медициналық қызметті тегін алу мүмкіндігінен айырылады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауданымыз бойынша бүгінгі таңда 69739 адамның сақтандыру жарналары төленбеген. Міне, осы азаматтар 1 сәуір айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығып кетуі мүмкін. Осы ретте орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Марат Жақсыбайұлы тұрғындарды жоспарлы медициналық көмекті дер кезінде алу үшін уақыт жоғалтпай алдымен емханаларға тіркелуге, сондай-ақ, сақтандырылмағандарға тиісті жарналарын төлеуге шақырады. Егер жұмыссыз жандар болса, онда олар аудандық халықты жұмыспен қамту орталағына барып тіркеліп, «жұмыссыз статусын» алуға тиісті. Кейін сол адамдарға мемлекет тарапынан тиісті жарналары төленеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь