Бүгін Сүлеймен Демирель атындағы университеттің 60-қа жуық оқытушысы қауіпті індет COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды, – Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

Ақпан айының бірінен бастап ауданымызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру науқаны бастау алған болатын. Сүлеймен Демирель атындағы университеттің қызметкерлері де осыған орай бүгін 60-қа жуық оқытушысы «Спутник V» вакцинасын салдырды. Шара барысында талаптарға сай екпені қабылдаушылар алдымен дәрігерлердің тұқым қуалайтын немесе жұқпалы аурулары және дәрілерге деген аллергиялық әсер бар-жоғы сияқты сауалдарына жауап беріп, қан қысымын тексеру процесінен өтті. Бәрі де егілгеннен кейін дене қызуының көтерілуі немесе әлсіздік сезімімі сияқты пайда болуы мүмкін вакцинаның салдары жайлы мамандардың ескертулерін алғаннан кейін ғана екпе бөлмесіне кіргізіліп, вакцина қабылдады.

Екпені алғаш болып қабылдаған университет ректоры Қуаныш Ерғалиев көптеген ғалымдар мен дәрігерлердің ерен еңбектері арқылы жасалған вакцина дәл қазіргі кезде адамдарға өте қажет екенін атап өтті.

Жалпы, Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасының дәрігері Дана Таждинованың айтуынша, егу науқаны басталғалы бері ауданымызда 2000-ға қарасайлыққа вакцина салынған. Олардың қатарында медицина, білім, құқық қорғау және әкімдік қызметкерлері де бар.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация 2 кезең бойынша жүргізіледі: алдымен бірінші компонент 0,5 мл дозада, ары қарай екінші компонент те дәл осылай – 0,5 мл дозада (21-42 күннен кейін). Барлық тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханасына барып, толықтай тегін ала алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь