Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды

0
64

Ұлы Жеңіс күніне ұйымдастырылатын жыл сайынғы мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

«Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді» делінген Б.Уәлидің жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайтыны да белгілі болған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь