Ұлттық құндылық спорт арқылы да дамуы керек

0
893

Белгілі қаламгер Қыдырбек Рысбек пен шешендік өнердің өкілі Дәулет Ержанбаев «Үшқоңыр» спорт мектебінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақ спортының шежірешісі атанған, қаламгер Қыдырбек Рысбекті спортсүйер қауым жақсы біледі. Оның «Қазақтың 72 бапкері» деп аталатын көрнекті кітабы кімнің болсын қызығушылығын оятары сөзсіз. Өткен аптада жазушы-журналист Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт мектебіне келіп, аталмыш кітаптағы кейбір құндылықтарға тоқталып, болашақ чемпиондардың тәлімгерлерімен тілдесті.

Санитарлық талапқа сай өткен орталықтың конференция залында қаламгер Қыдырбек Рысбек әңгіменің әлқисасын қазақ спортының тарихына арнады. Ұлттық құндылықты да сөз етіп, біздің саңлақтарымызға жетіспейтін намыс, жігер сияқты рухты қасиеттер мен кемшіліктерге де тоқталды. Жазушының айтуынша, оның әсері биыл жазда өткен «Токио – 2020» олимпиадасында байқалған. Ал, жазушы бапкерлікке қатысты өз ойларын мұндағы жаттықтырушылармен тілдесу кезінде айтты. Сұрақ-жауапқа ұласқан әңгіме барысында ол тәлімгердің бойындағы бірқатар қажетті құндылықтарға тоқталды. Сонымен қатар, құрметті қонағымыз елдің мақтанышына айналған Жақсылық Үшкемпіров жайлы естеліктермен бөлісіп, ол кісінің қалай Олимпиада чемпионы атанғанын әңгімелеп берді. Жиын барысында «Үшқоңыр» спорт мектебінің басшысы Дәурен Төлеген қаламгердің айтқан тәрбиелік сөздеріне ерекше ықыласын білдірді. Ұжымы үшін ұтымды кездесу болғанын айтып, қонақжайлылығын білдіріп, иығына шапан жапты.

Дәл осындай ерекше кездесудің тағы бірі орталықтың шәкірттерімен де өткізілді. Олармен кездескен Алматы облысы пікір-сайыс одағының төрағасы Ержан Дәулетбаев рухты, жігерлі әңгімелерін айтып, оқушылардың қанаттануына әсер ететін қызықты оқиғаларымен бөлісті. Шешендік өнерді еркін меңгерген Ержан Жанатұлы болашақ чемпиондардың спортқа деген ынтасын оятып, жетістікке жетудің бірнеше қадамдарын түсіндірді.

Жоғарыда айтқан белгілі азаматтардың Қарасай жеріне келуіне «Алматы облысының ауыл жастары одағы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болғанын айта кеткен жөн. Жиын барысында оның басшысы Дәулет Ауданбаев құрметті қонақтар жайлы азды-кем а

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь