Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдануда

0
631

Ұлттық тестілеу орталығының мәлімдеуінше ҰБТ қатысу үшін өтініштер қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты, қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу өтініштерін қабылдау онлайн түрде өтеді. 2020 жылғы 15 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) өтініштер қабылданады.
Сонымен қатар, 8000-нан асатын мектептің әрқайсысына Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) қызметкері қатысып отырған Whats App чаты ашылды. Егер, қандай да бір жағдайға байланысты түлек аталмыш чаттың құрамында болмай қалса, тиісті ауданның қызметкерінің ұялы телефонын ҰТО-ның басты бетінде testcenter.kz немесе http://testcenter.kz/ru/contacts/kontakty-filialov/ сілтемесі арқылы біле алатын болады.
Маусымдағы ҰБТ-ға өтініштерді online қабылдау екі санат бойынша атап айтсақ, 2020 жылдың түлектері және өткен жылдардағы мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғаларына жүргізілуде.
Айте кетсек, тестілеу мерзімі әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Сынақ 22 маусымда басталады. Және ҰБТ-да түлектер арасында 2 метр қашықтық сақталады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь