Коронавируспен ауырған әйел аман-есен босанды

0
164

Таразда өкпесінің 30 пайыздан астамы зақымданған жүкті әйел дені сау нәресте босанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

30 наурыз күні жұқпалы аурулар орталығына коронавирус инфекциясы анықталған жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізілді.
Айы-күні жақындаған 42 жастағы Тараз тұрғынын дәрігерлер ауру түрінің күрделілігіне қарамастан, ешбір асқынусыз аман-есен босандырып алды. Өмірге дені сау нәресте келді.
Екіжақты пневмония болып өкпесінің 30 пайыздан астамы зақымдалып, ауыр түрде босанған ананы қатаң бақылауға алған жұқпалы аурулар орталығының дәрігерлері 10 күн бойы арнайы вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізді.
Нәтижесінде коронавирус инфекциясынан толық айығып, қолына баласын алып, ауруханадан шықты.
«Аяғым ауыр болғандықтан коронавирусқа шалдыққанымды білгенде қатты қорықтым. Ақ халаттылар 4 күн бойы жансақтау бөлімінде менің және сәбиімнің өмірі үшін күресті. Дәрігерлерге мың алғыс! Қызымды аман-есен босандым. Бұл – менің төртінші перзентім. Тәулік бойы қасымда болып, балам екеуміздің жанымызға араша түскен барлық дәрігерлерге алғысым шексіз. Мені және баламды ажалдан арашалап қалды. Дәл мен осы ауруға шалдығамын деп ойламаған едім. Сондықтан, басқаларды барынша сақтық шараларын ұстанып жүруге шақырамын», — дейді ауруханадан жазылып шыққан ол.
Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде ананың да, сәбидің де жағдайы жақсы. Жаңа туған нәрестенің сынамасынан коронавирус инфекциясы анықталмаған. Аталған орталықтың меңгерушісі Ербол Ордабековтың сөзінше, аурухана 240 төсекке арналған. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 700-ден астам науқас жазылып және дерт жұқтырған 20 жүкті әйел аман-есен босанып, отбасына оралған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь