Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

0
62

ДСМ мәліметінше, елімізде өткен тәулікте тағы 2076 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 250, Алматы қаласы – 658, Шымкент қаласы – 65, Ақмола облысы – 137, Ақтөбе облысы – 27, Алматы облысы – 180, Атырау облысы – 44, Шығыс Қазақстан облысы – 77, Жамбыл облысы – 58, Батыс Қазақстан облысы – 73, Қарағанды облысы – 240, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 73, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 125, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 34.

Мұның алдыңғы тәулікте 2496 адамнан коронавирус анықталған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 330 071.

Сонымен қатар, ведомство айыққандар санын да атады. ДСМ мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 1366 емделіп шықты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь