Коронавирус індеті бойынша өткен тәуліктегі мәліметтер

0
118

Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-сынама арқылы 2433 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқастар мына өңірлерде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы – 439, Алматы қаласы – 534, Шымкент қаласы – 109, Ақмола облысы – 129, Ақтөбе облысы – 120, Алматы облысы – 166, Атырау облысы – 79, Шығыс Қазақстан облысы – 85, Жамбыл облысы – 23, Батыс Қазақстан облысы – 105, Қарағанды облысы – 326, Қостанай облысы – 37, Қызылорда облысы – 39, Маңғыстау облысы – 63, Павлодар облысы – 107, Солтүстік Қазақстан облысы – 33, Түркістан облысы – 39.

Айта кетейік, 17 мамыр күні коронавирус 1837 адамда анықталса, 18 мамырда 2018 науқас тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 366481 адамда расталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь