Netflix және әлемдік вакцинациялау

0
1335

Америкалық Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге және олармен байланыста болатындарға вакцина салуды міндеттеді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы РИА Новостиге сайтына сілтеме жасап.

Netflix – Голливудта коронавирустың тарауына қарсы күрес бойынша міндетті шара енгізген алғашқы студия.

Басылым мәліметінше, компанияның жаңа бұйрығы түсірілім тобының мүшелеріне де қатысты. Вакцина алған актерлерді және бүкіл топты жұмысқа қайтару туралы хаттамалар өткен аптада Голливуд кәсіподақтарымен және ірі киностудиялармен келісілген.

Netflix-тің міндетті вакцинация енгізу туралы шешімі COVID-19-дың төртінші толқынымен, АҚШ-та «дельта» штамының таралуына байланысты. Джонс Хопкинс университетінің федерал және жергілікті билік органдары, сондай-ақ БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздерінің соңғы мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 34,6 миллионнан асады, 611 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь