Елімізге танымал дизайнер төрт баласымен бірге темір дүкенді паналап отыр

0
307

Сәнді киімдер тігіп, әйгілі Берік Исмаиловтың шәкірті атанған Құндыз Қалитханқызы күні бүгінге дейін өз еңбегімен күн кешіп келеді. Алайда, төртінші баласын босанған соң Құндыздың екі көзі көрмей қалады. Бұл жағдай дизайнердің кішігірім бизнесін құрдымға жіберіп, отбасының шырқын бұзды. Қазіргі таңда ол төрт баласымен бірге 18 шаршы метрлік темір дүкенде тұрып жатыр, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Kaz.Nur.kz.

Пандемияда көз жұмған Берік Исмаилов – Құндызға бағыт беріп, жол көрсеткен ұстаздарының бірі. Одан бөлек, Жадыра Сахиева, Құралай Нұрқаділовалардың курсын оқып, біраз тәжірибе жинақтаған. Еліміздегі танымал тұлғаларға киім тігіп, өзінің ісін дөңгелетіп отырған Құндызға аяқ астынан сынақ келіп, төртінші сәбиінен кейін көзі мүлде көрмей қалады.

«Төртінші балапанымды дүниеге әкелген соң көзімнің көруі нашарлап, қос жанарым бірдей көрмей қалды. Бүкіл әлем тас қараңғыға айналды. Осындай ауыр күндерде мені жолдасым тастап кетті. Күйеуім мұндай ауыртпалықты көтере алмады. Жылап-сықтап, жан-жаққа шығып, демеуші іздеп, екі көзімнің орнына жасанды көз орнаттым. Алматыдағы орталықта 880 мың теңгеге ота жасады. Отаның ақшасын жанашыр кәсіпкерлер көтеріп берді. Қазір көзіме апта сайын 15 мың теңгенің дәрісі кетеді», – дейді төрт баланың анасы.

Құндыздың айтуынша ол біраз адамды жұмыстан шығарса да, телефонмен маталарды таңдап, балалары көмектесіп, барынша күнелткен. Алайда, көзі су қараңғы болған сәтте жанашырлар табылмаған.

– Ештеңені міндет қылмаймын. Көзім нашар көрсе де киім тігіп, тамағымызды тауып отырмын. Бірақ үй салқын. Темірден жасалған 18 шаршы метр дүкенде тұрып жатырмыз. Ызғар ұрып тұр, қыста қалай күн көрерімізді білмеймін. Көптеген қайырымдылық қорларына хабарластым. Олар дизайнерсің, күйеуден ажырасқансың деп, кері бұрылады. Иә, бұған дейінгі өмірімде ешкімге қол жайған жоқпын», – дейді Құндыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь