Елімізде Токио Олимпиадасын тікелей трансляциялау болмайды

0
1878

«Қазақстан» РТРК» АҚ Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы телерадиокорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты көрермендер мен әріптестерімізден келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты келесіні хабарлаймыз. Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялау құқығы «Dentsu Inc» компаниясына тиесілі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын. Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ. Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы», делінген хабарламада. Телерадиокорпорацияның мәлімдеуінше, қазіргі кезде Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмысын жүргізіп жатыр. «Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото,-видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған», делінген хабарламада.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
Бұл жолғы Олимпиадаға көрермендер қатыспайды.
Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 96 жолдама бар.
17 шілдеде Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға барды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь