Буккроссинг: мемлекеттік қызметшілер кітап алмасты

0
228

«Буккроссинг» жобасы аясында ауданның мемлекеттік қызметшілері өздері оқыған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Мемлекеттің саясатын іске асырумен қатар, өз білімін жан-жақты жетілдіру – мемлекеттік қызметші үшін қашанда жарасымды қасиет. Әсіресе, рухани жан дүниесін байытып, дүниетанымын арттыруды көздейтін мамандарға кітап оқу олардың жұмыс барысына пайда әкелмесе, зияны тимейтіні анық. Осындай қасиеттерімен дараланған қарасайлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындабүгін аудандық орталық кітапханада «буккроссинг» жобасы негізінде іс-шара ұйымдастырды.

Санитарлық талапқа сай өткен акцияда Қарасай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі мен заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімдері өздері оқыған кітаптарын бір-біріне сыйлап қана қоймай, әріптестерінің атынан оқырмандардың орталығына түрлі жанрдағы кітаптарды табыс етті.

Іс-шараға атсалысқан мемлекеттік қызметшілердің айтуынша, «Буккроссинг» жобасы аясында аудан бойынша мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың арасында дәл осындай акция әлі де жалғасуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь