Үкімет басшысы: Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады

0
121

100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Экономиканы сапалы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 2021 жылы талшықты-оптика 2 мыңнан астам ауылда пайда болады. Жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгереді. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады», — деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу де жоспарланып отыр.

100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. «Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады», — деді Премьер-Министр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь