Әкім сайлауына үміткерлер белсенділік танытуда

0
611

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкім сайлауына үміткерлердің рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Әкім болуға ниетті кандидаттардың ең көп саны Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 9 адам – әкім лауазымына үміткер.

Алматы облысы бойынша 71 ауылдық округ әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне жоспарланған. 279 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде 93-і саяси партиялардың атынан және 186-сы өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырылуда.

Орташа бәсекелестік – 3,9 адам. Жалпы барлық округтерде үш және одан да көп кандидат бар.

Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыруда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь