Кеген ауданында ірі қара мал өліп жатыр деген ақпаратқа қатысты  

0
211

Бірқатар баспасөз беттерінде Алматы облысы Кеген ауданындағы тұрғындардың аулаларындағы малға Бөлексаз ауылдық округінде орналасқан «Meat Processing and Service» ЖШС-дегі мал бордақылау алаңының кесірінен белгісіз ауру жұғуда деген сипаттағы ақпарат жарияланған болатын. Оған қатысты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

«Meat Processing and Service» ЖШС Бордақылау алаңында 1249 бас ірі қара бар. 2020 жылы сәуірде бордақылау алаңында 1000 бас ірі қара малға эмфизематоздық карбункулға қарсы вакцина салынды.

Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына сәйкес пастереллезге қатысты эпизотикалық жағдайдың тұрақты болуына байланысты эпизоотикалық бірлікте пастерреллезге қарсы вакцинация жасау жоспарланбаған. Алайда 2021 жылдың 1 қаңтарында «Meat Processing and Service» ЖШС басшысы Б.Абдрасиловтың атынан Бөлексаз ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне 2 бас ірі қараның өлгені туралы ақпарат келіп түскен. Хабарлама келген сәттен мал өлексесінен патологиялық материал сынамасы алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы аймақтық филиалына өткізілген. Зерттеу қорытындысында эмфизематоздық карбункул және пастереллез аурулары анықталды.

Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы №01 шешімімен аталған мекемеде эмфизематоздық   карбункул тіркелуіне байланысты карантин белгіленіп, 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешімімен пастереллездың тіркелуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді.

«Meat Processing and Service» ЖШС директоры Н.Смаиловтың 2021 жылғы 20 қаңтарда бордақылау алаңында 53 бас ірі қараның өлгені туралы хатына байланысты жергілікті және облыстық ветеринарлық қызмет өкілдерінен комиссия құрылды.

Бөлексаз ауылдық округінің аумағындағы «Meat Processing and Service» ЖШС-дан 2,5 км қашықтықта орналасқан арнайы орында мал өлекселері жойылып, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Атап өтсек, карантин енгізілген 11 қаңтардан бері «Meat Processing and Service» ЖШС аумағынан мал сыртқа шығарылған жоқ. Карантин шаралары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін Кеген ауданы аталған ЖШС-дан басқа Бөлексаз ауылдық округі тұрғындарынан бір мезетте малдың ауырғаны туралы хабарлама келіп түскен жоқ.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь