Көп балалы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді

0
77

Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаңырақ көтергендеріне 27 жыл болған Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы бүгінде 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, олардан 3 немере көріп отыр.

– Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ «баланы жастан» дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді» дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі деп ойлаймын, – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.

Кербұлақ аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш отбасыға 2019 жылы Сарыөзек ауылынан «көп балалы отбасы» санатымен тұрғын үй берілді. Мұнан бөлек, бұл отбасының мектеп қабырғасындағы бес баласы оқу құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген, сондай-ақ, оларға онлайн оқуларына қажетті ноутбук те мектептен берілген.

Жалпы Алматы облысында көп балалы отбасыларға белсенді түрде көмек көрсетіледі. Өткен жылдың өзінде 2 395 отбасына тұрғын үй берілсе, соның 1 258-і әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар, бұл қатарда 180 отбасы меценаттардың қолдауымен үйлі болғанын да атап өту керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь