Әйтей округінде – жаңа әкім

0
896

Бүгін ауданымызға қарасты Әйтей ауылдық округіне жаңа әкім тағайланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауылдық округі әкімінің қызметін атқарған Қайсар Кикимовтың зейнет жасына жетуіне байланысты, бұл округке жаңа әкім сайлау мақсатында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы жарияланған еді. Осыған орай округ әкімі қызметіне 3 үміткер ұсынылған болатын. Сол кадидаттардың ішінен әкімдікке халық қалаулыларының дауыс беруімен көп жылдар аудандық, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінде, статистика саласында қызмет атқарған Жарқын Қатубаев лайықты деп таныды.

Бүгін Әйтей округі әкімдігіне аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов арнайы келіп, жаңа басшыны таныстырды. Сонымен қатар, округтін жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдіретіндігін айта келе, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде округтің жаңа әкімі Жарқын Қанатұлы өзіне артылған сенім үдесінен шығатынын айтып, еңбегін бағалап, қолдау көрсеткен аудан әкіміне, ауылдастарына алғысын білдірді. Кездесу барысында Әйтей округі ардагерлер төрағасы Амангелді Шәріпқұлық пен Әйтей ауылы ардагерлер төрағасы Болат Жүнісов сөз алып, жаңа басшыдан күтілетін нәтиже көп екен айтып, бастап жатқан жұмысына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь